Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Оны жөндейді": ТЖ министрі Абай облысында өртте қолданылған ескі техникаларға қатысты пікір білдірді

Жарияланған күні:

өрт сөндірушілер
Абай облысындағы орман өртін сөндіруге қатысқандар. Фото: KAZ.NUR.KZ

Бүгіннен бастап кестеге сай Абай облысындағы тілсіз жаумен күресуге келген өзге өңірдің өрт сөндірушілері үйіне қайтады. Каштак ауылына келген Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов орман өртін сөндірушілерге алғыс білдірді. Сондай-ақ министр БАҚ өкілдерінің сауалдарына жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сырым Шәріпхановтың айтуынша, бүгіннен бастап кестеге сәйкес, өрт сөндірушілер өз базаларына қайтады.

"Олар жан-жақтан келіп отыр: Алматы, Астана, Талдықорған, Өскеменнен бар. Бәрі күш жұмылдырды. Абай жерінде ТЖД күштері, сонымен қатар осы жердегі орман қорғау қызметінің мамандары мен техникасы жұмыс істеді. Жағдай әлі де бақылауда ұсталып, жұмыс атқарылады", - дейді ТЖ министрі Сырым Шәріпханов.

Сырым Шәріпханов
ТЖ министрі Сырым Шәріпханов. Фото: KAZ.NUR.KZ/Елжан Нұрболат

Осы орайда журналистер министрден Абай облысындағы өрт Шар, Жезкент қалаларынан келген ескі техникамен қалай сөндірілгенін сұрады. Министрдің сөзінше, ескі техникаларды пайдаланбай, есептен шығару экономикалық тұрғыдан тиімсіз.

"Бізде техника бар. Үкімет, министрлік, жергілікті органдар қажетті техниканы сатып алып беріп отырады. Бірақ ескірген техниканы да пайдалануымыз керек, оны жөндейді. Оны жетілдіріп қолдануымыз керек, бұл техникалар қымбат. Оны есептен шығарып, пайдаланбау экономикалық жағынан тиімсіз. Жаңа техника жылда алынып жатыр. 100 пайыз қамтылған деп айтпаймын. Бірақ осы бағыт бойынша жұмыс істеліп жатыр. Үкімет бізге көмек көрсетуде", - дейді Сырым Шәріпханов.

Автор: Елжан Нұрболат

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2024908-totense-zagdailar-ministri-abai-oblysynda-ortte-qoldanylgan-eski-texnikalarga-qatysty-pikir-bildirdi/