Қазақша сөйлейік: Тілді тегін үйреніп, саяхатқа жолдама ұтқан кімдер?
Жарияланған күні:
Елімізде соңғы жылдары қазақ тілін үйрететін курстарға сұраныс артқан. Ал KMF компаниясы өз қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді үйрететін курстарды осыдан 10 ай бұрын бастады. Ең қызығы – тегін!
Қазақстандағы ең ірі микроқаржы ұйымы KMF компаниясы қызметкерлерінің жалпы саны 2 мыңнан асады. Ал республика бойынша 4 мыңнан аса елдімекенді қызметімен қамтып отырған компания клиенттерінің басым бөлігі ауылдық жерлерде. Демек, тұтынушылардың көпшілігі – қазақтілді. Өз клиенттеріне екі тілде әрі ең жоғары деңгейде қызмет көрсету мақсатында бастау алған жобаның алғашқы түлектері үш кезеңнен тұратын емтихандар тапсырып, ең үздік нәтиже көрсеткендер саяхатқа сертификат ұтып алды. Енді олар киелі Түркістан жерінде тарихи, көз тоймас туристік аймақтарын аралап, естен кетпес демалыстарын өткізеді.
«KMF – әлеуметтік жауапты жұмыс беруші. Біздің басты міндетіміз – клиенттерімізге ең жоғары деңгейде қызмет көрсету. Қызметкерлерімізге қазақ тілін тегін үйретудегі мақсатымыз да сол еді. Алайда біз кеңсемізде ғана екі тілде сапалы қызмет көрсетіп қана қоймаймыз, біздің цифрлық каналдарымыз да толықтай екі тілде ұсынылған», - дейді KMF Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Альмира Әбенова.
Компаниядағылардың айтуынша, қазақ тілі сабақтары аптасына екі рет, арнайы әзірленген әдістеме негізінде оқытылған. Бастапқыда оған бірен-саран адам жазылып, кейіннен ниет білдірушілер қатары артыпты. Қазақ тілін үйретумен айналысатындар арасында өткен байқауда жеңген компанияның ең үздік ұстаздары тәлім беріп, түрлі байқаулар өткізілген. Осылайша, тіл үйрену жай ғана сабақ емес, қызықты іс-шараға айналған көрінеді.
«Тіл үйренуде талап қоюдың өзі артық. Тілді қызығушылықпен, сүйіспеншілікпен меңгеру маңызды. Қызметкерлеріміз үшін курсымыздың соңғы кезеңі, шығармашылық емтиханды тапсырудың өзі кішігірім мерекеге айналды. Олар қазақ тілінде ән айтып, өлең оқып, ертегі, әңгімелерін айтып берді. Арасында қазақ тілін нөлден бастағандар да бар, мұны көрген өңірдегі қызметкерлеріміз де қатысуға құлшынып отыр», - дейді Альмира Әбенова.
Айта кетейік, KMF-тің Қазақстан бойынша 15 филиалы мен 117 бөлімшесі бар. Ауыл шаруашылығы, бизнес пен тұтынушылық үшін микроқаржы өнімдерін ұсынатын компанияның басты ұстанымы – шағын кәсіпкерлікті қаржыландырып, қолдау. Осылайша компания еліміздің экономикасын ғана емес қазақ тілін тегін үйрету арқылы мемлекеттік тілдің де дамуына зор үлес қоспақ.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыру құқығын беретін ҚНРДА-ның 26.02.2021 жылғы №02.21.0003.M лицензиясы.
*Серіктес материалы
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025043-qazaqsa-soileiik-tildi-tegin-uirenip-sayaxatqa-zoldama-utqan-kimder/