Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Ауыл көз алдымызда көркейіп жатыр": қостанайлық кәсіпкер ауылда тұрғын үйлер салып, шаруашылықты дамытуда (фото, видео)

Жарияланған күні:

Қамысты Шаңдақ ауылы
Қамысты Шаңдақ ауылы. Скриншот: Instagram / @pritulyakvlad

Әлеуметтік желіде Қостанай облысында орналасқан Қамысты Шаңдақ ауылын өркендетіп жатқан Қайрат Оспанов есімді жергілікті кәсіпкер туралы бейнеролик тарады. Желідегі ақпаратқа сүйенсек, ауылда ауыл тұрғындарының қолайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалған. Бұл туралы Pritulyakvlad Instagram парақшасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Видео авторының сөзінше, Қамысты Шаңдақ ауылы тұрғындарға қолайлылығы жағынан Родина ауылына ұқсас.

Қамысты Шаңдақ ауылы
Қамысты Шаңдақ ауылы. Скриншот: Instagram / @pritulyakvlad

"Тұрар" ЖШС-нің басшысы, жергілікті кәсіпкер Қайрат Оспанов еңбегінің арқасында ауыл көз алдымызда көркейіп жатыр", - дейді автор.

Қысқы сырғанақ алаңы
Қысқы сырғанақ алаңы. Скриншот: Instagram / @pritulyakvlad

Автордың сөзінше, кәсіпкер ауыл тұрғындары үшін 25 жайлы жер үй салып, 7 су қайнарын бұрғылап, тұщыландыру қондырғысын орнатып, әр үйге суқұбыр кіргізіп, жарықтандырылған сапалы жолдарды салған.

Сондай-ақ ауылда балаларға арналған ойын алаңы, қысқы сырғанақ алаңы, фельдшерлік-акушерлік пункт құрылған. Кейін Қостанай қаласының жас мамандары Қамысты Шаңдаққа жұмысқа орналасу мақсатымен келе бастады.

Балаларға арналған ойын алаңы
Балаларға арналған ойын алаңы. Скриншот: Instagram / @pritulyakvlad

"Қайрат Оспанов адамға ғана емес, жан-жануарларға да қамқорлық танытады. Сиыр қоралары малға арналған арнайы тарақтармен, заманауи тазалау жүйелерімен жабдықталған, ал сауу кезінде сиырларға арнап классикалық музыка қосылады", - делінген видеода.

Сиыр сауу жұмысы
Сиыр сауу жұмысы. Скриншот: Instagram / @pritulyakvlad

Сонымен қатар автордың ақпаратынша, жергілікті кәсіпкер өз бизнесіне заманауи көзқараспен қарайды. Ол әр жануардың жағдайы мен денсаулығын бақылап отыру үшін оларға деректерді жинайтын чип енгізген.

Кәсіпорын сүт фермасынан бөлек дәнді бұршақты дақылдарды өсірумен айналысады. Ауылда Petkus тұқым желісі құрылған. Соның арқасында кәсіпорын дән тұқымын өндіруін 95 пайызға қамтамасыз етіп отыр.

Жер үйлер мен фабрика
Жер үйлер мен фабрика. Скриншот: Instagram / @pritulyakvlad

"Қазақстанда ауылды көркейтуге күш-жігерін, қаржысын аямай еңбек етіп жатқан кәсіпкерлердің болғаны қуантады", - деп түйіндеді автор.

Мал қорасы
Мал қорасы. Скриншот: Instagram / @pritulyakvlad

Желі қолданушылары кәсіпкердің бастамасын қолдай отырып, игі тілектерін айтты. Интернет пайдаланушылардың бірі аталған ауылдағы ферма базасына тыңайтқыш апаруға барғанын айтқан. Оның сөзінше, қызметкерлер әкелінген тауарды тез арада қабылдаған. Ол аймаққа кірген кезде айналаның тазалығына тәнті болған.

Жер үй
Жер үй. Скриншот: Instagram / @pritulyakvlad

"Бұл расымен қуантатын жаңалық. Сүт өнімдерінің аты қандай екен?", "Қожайын қызметкерлері үшін барын салуда. Ал қызметкерлері жұмысын тиянақты атқаруға тырысады", "Міне, нағыз кәсіпкер патриот", - дейді пікір білдірушілер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025263-auyl-koz-aldymyzda-korkeiip-zatyr-qostanailyq-kasipker-auylda-turgyn-uiler-salyp-saruasylyqty-damytuda-foto-video/