Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Полиция: Астанада кепілге алынған банк қызметкерлерін босату бойынша операцияны ішкі істер министрі басқарды

Жарияланған күні:

Марат Ахметжанов оқиға орнында
Марат Ахметжанов оқиға орнында. Кадрдан үзінді: NUR.KZ

Kaspi Bank-тің Астанадағы филиалында бірнеше адамды кепілге алған басқыншыны ұстау бойынша операцияны ішкі істер министрі М.Ахметжанов жүргізді, деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің ресми жаңалықтар арнасы Polisia.kz.

"Kaspi Bank ғимаратында күштік операция сәтті жүргізілді. Кепілге алынғандардың барлығы босатылды!

Кепілге алынғандар полиция штурмынан кейін босатылды. Барлық қызметкер шығарылды. Басып алушы қауіпті емес! Барлығын дәрігерлер тексерді. Кепілге алынғандар да, басқыншы да зардап шеккен жоқ.

Басқыншымен келіссөзді ішкі істер министрі М. Ахметжанов жүргізді. Ол сондай-ақ күштік операцияны басқарды", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025289-policiya-kelissozdi-iski-ister-ministri-zurgizdi/