Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрі басқыншының қандай талаптар қойғанын айтты

Опубликовано:

Марат Ахметжанов
Марат Ахметжанов. Кадр из видео: NUR.KZ

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов Астанадағы Kaspi филиалында бірнеше адамды кепілге алған ер адамның қандай талаптар қойғанын айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Талаптары заңсыз. Түрлі талаптар болды. Мен кіріп, сөйлестім. Ол белгілі бір есепшоттарға ақша аударуды, туыстары мен жақындарына көмектесуді сұрады. Келіссөзге оның туыстарын қатыстырдық. Онымен сөйлессін деп. Бірақ ол (туыстарының - ред. түсініктемесі) шарттарына көнбеді", - деді Ішкі істер министрі.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары жағдайды алдын ала бағалап, әскери операция жүргізуге мәжбүр болғанын атап өтті.

"Әуелі біз азаматтарға қауіпсіз жағдай жасадық, содан кейін ғана күштеп басып алу операциясын жүргізіп, оларды босаттық", - деді Ахметжанов..

Министр зардап шеккендер жоқ деп қосты.

Сондай-ақ оның айтуынша, арнайы жасақ қызметкері кепілге алынған қызметкерлердің бірін тез құтқарып, өз денесімен қорғап қалған.

"Қызметші тез арада қызды құтқарып, өз денесімен жауып алды. Сосын басқалары да кіріп, оны (басқыншыны - ред.) ұстап алды", - деп қосты ІІМ басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025294-iski-ister-ministrliginin-bassysy-basqynsynyn-qoiylgan-talaptary-turaly-aitty/