jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Айзат Ермекқызы
Айзат Ермекқызы
Бұрынғы қызметкер

Бүгін еліміздің ірі қалаларында жауын-шашын күтіледі

Адамдар бағдаршамнан қолшатырмен өтіп жатыр
Жаңбыр. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер бүгін, 19 маусымда қандай ауа райы күтілетінін болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай күтіледі. Республиканың олтүстікте, солтүстік-батыста, оңтүстікте және орталықта бұршақ жауып, дауыл тұруы ықтимал. Сондай-ақ, солтүстік-батыста түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман болады деп болжанған.

Республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, оңтүстігінде және оңтүстік-батысында шаңды дауыл тұрады.

Синоптиктер күндіз Жамбыл, Алматы, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Абай, Жетісу облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық сақталады деп болжады.

Бүгін еліміздің үш ірі қаласында да жаңбыр жауады. Соған қарамастан күн ыстық болады. Мәселен, Астанада күндіз +29...+31 градус ыстық болса, Алматыда ауа температурасы +33... +35 градусқа дейін көтеріледі. Ал Шымкентте +35...+37 градус ыстық күтіледі

Сонымен қатар Түркістан, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан облыстарында, Абай, Жетісу облыстарында, солтүстігінде, Алматы облысының орталығында, Солтүстік Қазақстанның шығысында, Павлодар облысының солтүстігінде, батысында, Атыраудың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігі мен орталығында, Қарағанды облысының оңтүстігінде, Қостанай облысының оңтүстік жартысында, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Ақмола облысының оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Сондай-ақ, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында жоғары өрт қаупі күтіледі.

Бүгін еліміздің ірі қалаларында жауын-шашын күтіледі

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.