Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбелік ұстаз есту қабілеті нашар балаларға домбыра үйретіп жүр

Жарияланған күні:

Фото
Көрнекі фото: Sputnik / Абзал Калиев

Ақтөбелік Гүлсана Мағзымбетова есту қабілеті нашар жандарға домбыраны өзінің авторлық әдісімен үйретіп жүр. Бұл туралы Qazaqstan TV арнасындағы "Таңшолпан" бағдарламасында айтылды.

Телебағдарлама мәліметінше, ақтөбелік домбыра пәнінің мұғалімі Гүлсана Мағзымбетова балабақшадағы тәбиеленушілерге домбыраны тез үйрету үшін жаңа әдіс ойлап тапқан. Ол ойлап тапқан жаңа әдіс бойынша жеті нотаны жеті түрлі түске бояп, бес саусақты әр алуан фигураға ауыстырған.

Автордың сөзінше, бұл әдістің оң нәтижесін көргеннен кейін ерекше балаларға домбыра үйрету ойға келген.

"Бірден демеуші іздеп, ерекше балаларға көмектескім келді. Жаладамалы орын жалдап, домбыралар алып, ерекше балаларды тегін үйрете бастадым", - дейді Гүлсана Мағзымбетова.

Гүлсана Мағзымбетова 2017 жылы домбыраны оқыту әдістемесінің авторлық құқығын алды. Оқыту әдістемесі 2020 жылы Дубайда өткен Еxpo көрмесінде де жоғары бағаланған.

Оның айтуынша, домбыраны ерекше балалардың үйренуі денсаулықтарына оң әсер еткен. Ол 150 ерекше балаға тегін домбыра үйреткен. Бүгінде үйірмеге қатысуға да, әдісті үйренуге де сұраныс артқанын айтты. Құлағы нашар естісе де, домбыраны өте жақсы меңгеріп, талай жүлдеге қол жеткізген шәкірттері де бар.

"Түрлі пішіндер арқылы домбыра үйрену өте оңай. Нотамен домбыра үйрену көп уақыт алады. Бірнеше байқауға қатысып, жүлделі орындар иелендім. "Балбырауын" - сүйікті күйім. Алдағы уақытта күрделі шығармаларды үйренгім келеді дейді", - Дана Мұхаметиярова.

Гүлсана Мағзымбетова өзінен алыс-жақын шетелден және өзге қалалардан онлайн сабақ алатын балалар да бар екенін атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025373-aqtobelik-ustaz-estu-qabileti-nasar-balalarga-dombyra-uiretip-zur/