Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады күтілуде
Жарияланған күні:
Синоптиктер 20-22 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Метеорологтардың мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігіндегі ауа райына терең циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктер әсер етеді.
Соған байланысты ел аумағында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қазақстанның солтүстігінде, шығысында және оңтүстік шығысының таулы аймақтарында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл сондай-ақ желдің күшеюі күтіледі.
Ал оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұруы ықтимал.
Синоптиктердің болжамынша, төмен қысым түнгі ауа температурасының солтүстікте +5...+13 градусқа дейін, шығыста +7...+15 градусқа дейін төмендеуіне ықпал етеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025404-sinoptikter-aldagy-us-kunge-arnalgan-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/