Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысының полицейлері күшейтілген жұмыс режиміне көшті

Жарияланған күні:

полиция қызметкері
Полиция қызметкері. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Өңірде мектеп бітіру кештерінің басталуына байланысты жамбылдық полицейлер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Бұл туралы Жамбыл облыстық полиция департаменті Instagram-дағы ресми парақшасында хабарлады.

"20-22 маусым аралығында өтеді деп жоспарланған мектеп бітіру кештеріне байланысты тәртіп сақшылары тәулік бойы күшейтілген режимде қызмет атқаратын болады.

Қызметті үйлестіру және түрлі құқық бұзушылыққа, оның ішінде мектеп бітіру кештері өтетін орындарда жедел әрекет ету үшін қосымша жедел штабтар құрылды", - делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар ведомство мектеп бітіру кештерінің салтанатты және бейресми бөлімдерді өткізу кезеңінде түлектердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қажетті ұйымдастыру және практикалық шаралар қабылданғанын мәлім етті.

Бұл ретте құзырлы орган тәртіп сақшылары облыс бойынша мектеп бітіріп жатқан 12 076 (барлық мектеп бойынша) түлектің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін атап өтті.

Облыстық полиция департаменті мәліметінше, осы уақытқа дейін полицейлер түлектермен және олардың ата-аналарымен, ойын-сауық мекемелерінің иелерімен және дүкендері бар жеке кәсіпкерлермен 5746 рет профилактикалық әңгіме жүргізген. 4 мыңнан астам профилактикалық мазмұндағы брошюралар мен парақшалар таратылған.

"Мектеп бітіру кештері кезінде ата-аналар балаларына ерекше назар аударуы керек. Сондай-ақ салтанатты іс-шараларда алкоголь ішуге, темекі шегуге және зиянды заттарды қолдануға тыйым салынғанын еске саламын.

Сонымен қатар жалпы білім беретін мектеп түлектерінің жол қозғалысы ережелерін бұзу деректеріне жол бермеуге ерекше назар аударылады (көлік құралдарын заңсыз басқару; көлік құралдарының терезесінен, люктан шығып тұру; кортеждердің ретсіз қозғалысы)", - дейді Жамбыл облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы полиция майоры Әлішер Қалышев.

Сондай-ақ полиция өкілінің сөзінше, тыйым салынған жерлерде шомылудан және мектеп бітіру кеші өтетін жерден тыс жерлерде мерекелеуден бас тартқан жөн.

"Су айдындарында, көпірлерде, жолдың жүру бөліктерінде таң шапағын күтуді болдырмау мақсатында іс-шара толық аяқталғанға дейін түлектерді ертіп жүруді ұсынамыз", - дейді Әлішер Қалышев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025515-zambyl-oblysynyn-policeileri-kuseitilgen-zumys-rezimine-kosti/