Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Семейдегі "Би-2" концертін тоқтатпау туралы шешім қабылданды

Жарияланған күні:

"Би-2" тобы
"Би-2" тобы. Фото: instagram.com/b2band

21 маусымда Семейде өтетін әйгілі "Би-2" рок-тобының концертіне қатысты түрлі пікірлер айылды. Нәтижесінде іс-шараны тоқтатпау туралы шешім қабылданды, концерт өтеді. Бұл туралы қалалық әкімдік өзінің ресми Telegram-арнасында хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

"Жерлестеріміздің қайғылы қазасы мен жалпыұлттық аза тұтудан кейін рок-концерт өткізу көптеген тұрғындардың наразылығын тудырды.

Нәтижесінде қала жұртшылығы мен облыстық мәслихат депутаттары ресейлік топтың концертін кейінгі қалдыру және сол арқылы жақындарынан – анасынан, әкелері мен ұлдарынан айырылған отбасылардың қайғысына ортақтасып, оны бөлісу туралы бастама көтерді", – деді ведомстводан.

Алайда Семей әкімдігі бұл шешімнің қоғамда наразылық тудырғанын, осыған байланысты Бородулиха ауданының жергілікті атқарушы органының өкілдері қаза болғандардың отбасымен байланысқа шығып, концерттің олардың көңіліне қаяу түсірмейтініне көз жеткізгенін атап өтті.

"Осылайша, қайтыс болған орманшылардың туыстарының келісімі бойынша және олардың концерт өткізуге келісімін алғаннан кейін әртістердің өздерінің айтуынша, қайырымдылық сипатта болатын "Абай Арена" спорт кешеніндегі іс-шараны тоқтатпау туралы шешім қабылданды.

Айта кетейік, "Би-2" тобының концертін кейінге қалдыру туралы шешім Семей әкімдігінің шешімі болған жоқ. Сондай-ақ концертті ұйымдастырушы "ЛЕВИТ - КАТАНА" жеке компаниясы болып табылады, – деп нақтылады ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025617-semeidegi-bi-2-koncertin-toqtatpau-turaly-sesim-qabyldandy/