Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды
Жарияланған күні:
Бұрынғы Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға бас бостандығынан айырылды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Елордада өткен сот отырысында Арыстанбек Мұхамедиұлы Қылмыстық кодекстің екі бабы бойынша адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы сенiп тапсырылған қаражатты аса iрi мөлшерде ұрлау, оларды иемденiп алу немесе жымқыруды ұйымдастырғаны үшiн кінәлі деп танылған.
"Арыстанбек Мұхамедиұлын Қылмыстық кодекстің 28-бабы 3-бөлігі және 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы бойынша құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. 8 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалсын", - деді судья Бағлан Ыдырысов.
Сонымен қатар Мұхамедиұлына өмір бойына мемлекетік қызметте, соттарда, ұлттық компаниялар мен квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуге тыйым салынды.
Одан бөлек, судья Мұхамедиұлын "Құрмет" және "Парасат" ордендерінен, сондай-ақ Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атақтарынан айыру туралы ұсынысты президентке енгізу туралы шешім қабылдады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025627-arystanbek-muxamediuly-8-zylga-bas-bostandygynan-aiyryldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.