Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыдағы ірі өрт салдарынан бірнеше бизнесмен кәсібінен айырылды (видео)

Жарияланған күні:

Өрттен кейінгі дәмхана
Өрттен кейінгі дәмхана көрінісі. Видеодан кадр: youtube.com/@newsKTK

Алматыда бес бірдей нысанды күлге айналдырған өрттен келген шығын есептеліп жатыр. Оттың нақты неден тұтанғаны да әзірге белгісіз. Бұл туралы КТК арнасы хабарлады.

Телеарна ақпаратынша, Алматыдағы ірі өрт 19 маусымда болған. Қызыл жалын той өтіп жатқан мейрамхананы да шарпып өткен. Соның кесірінен той иесі салтанатты шараны кейінге қалдыруға мәжбүр болған.

"Адамдар болды. Бірақ ана жақтағы көрші ғимарат жанып жатқан кезде шығарып үлгердік. Шығып кетті. Мына аумақтың бәрін босаттық. Өрт сөндірушілер жұмыс істеді. Бірақ бәрібір қатты жалын болды. Банкет залы ғой. Енді есептеп бәрін жасап шығамыз. Кінә бізден емес, бізден шыққан жоқ. Басқа жақтан келген өрт", - дейді тойхана иесі.

Телеарна мәліметінше, гараждан шыққан өрт күшіне мініп, жақын орналасқан дәмханаға жеткен. Өрт кезінде кафенің ішіндегі адамдар сыртқа шығып үлгерген. От сол маңдағы мейрамхана мен фаст-фуд сататын нысандарға да жеткен. Бар-жоғы 20 минуттың ішінде қызыл жалын 3 мың шаршы метр аумаққа жетіп үлгерген. Төтенше жағдай бөлімінің өкілдері ешкімнің зардап шекпегенін атап өтті.

"Өрт 20 сағат 00 минутта оқшауланып, 16 минутта жойылды. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр. Өрт сөндіруге төтенше жағдайлар қызметі, 64 адам бірліктіріліп, 18 техника жұмылдырылды. "Алматы судың" екі техникасы, "Алматы тазалықтан" бір техника жұмыс істеді", - деді Әуезов ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Абай Асылбаев.

Дереккөз: КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025669-almatydagy-iri-ort-saldarynan-birnese-biznesmen-kasibinen-aiyryldy-video/