jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

ІІМ электрлі самокат иелеріне салынатын айыппұл көлемін айтты

Ер адам самокатпен кетіп бара жатыр
Самокат. Көрнекі фото: Рexels.com

Ішкі істер вице-министрі Сәкен Сәрсенов жолда дулығасыз жүрген электрлі самокат иелеріне қанша айыппұл салынуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Сәрсенов "Жол қозғалысы туралы" заңға енгізілген түзетулерге сәйкес электрлі самокат жүргізушілері екі бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын атап өтті.

"ӘҚБтК-нің 593-бабы – жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамағаны үшін 5 АЕК мөлшерінде айыппұл (17 250 теңге – ред.) қарастырылған. Сондай-ақ жол қозғалысына қатысушыларға қойылатын өзге де талаптарды бұзғаны үшін айыппұл салынады. Бұл – 620-бап, бұған қалған барлық құқық бұзушылық кіреді, 5 АЕК айыппұл салынады", – деп атап өтті вице-министр.

Ол бұл баптың ауыр екенін айтты.

"Бұл жол-көлік оқиғасы бойынша бап болмақ. Онда айтарлықтай жауапкершілік бар: қамауға алу, басқару құқығынан айыру да қарастырылған. Яғни, мұнда бәрі күрделі", – деп түсіндірді Сәкен Сәрсенов.

Өз кезегінде әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев электрлі самокаттардың қозғалысын реттеу үшін қолданылатын жол қозғалысының жаңа белгісі пайда болатынын айтты.

"Бұл барлық жол ережесі сияқты ортақ ереже және барлығына міндетті болады", – деді ол.

ІІМ электрлі самокат иелеріне салынатын айыппұл көлемін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.