Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Досаев әйеліне тиесілі жарнама бизнесі туралы сұраққа жауап берді

Жарияланған күні:

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев әйелімен
Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев әйелімен. Фото: Алматы қаласының баспсөз қызметі

Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жұбайына тиесілі жарнама бизнесіне қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Брифинг кезінде журналист Алматы әкімінен қаладағы жарнаманың едәуір бөлігі Ерболат Досаевтың жұбайы құрылтайшыларының бірі болып саналатын компанияның жарнама құрылымдарында орналастырылатыны туралы сұрақ қойды.

Қала әкімі осы сұраққа жауап беріп, компанияның бірнеше ай бұрын сатылғанын, ал әйеліне аз ғана үлесі тиесілі болғанын айтты.

"Компания біраз уақыт бұрын құрылған, жарнама бойынша әлемдік көшбасшы компанияның басты серіктесі болып табылады, қалған үлес төрт құрылтайшыға бөлінген. Қалаға (қала әкімшілігі - ред.) келгенімде, мен бұл сұрақтың туындайтынын түсінген едім.

Өткен жылдың желтоқсан айында екі жеке серіктес, соның ішінде әйелім де 15 пайыздық өз үлесін басқа жеке серіктестерге сатқан еді. Қаланың жарнама бизнесіне қатысым жоқ.

Ал бұрынғы үлесі 15 пайыз ғана болған. Бизнеске қатысты сұрақтар менің қатысуымсыз өз бетінше өрбіді", - деді Ерболат Досаев.

Ол мәміле өткен жылдың желтоқсан айында аяқталғанын және осы уақытқа дейін бағаға қатысты келіссөздер жүргізілгенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025925-dosaev-aieline-tiesili-zarnama-biznesi-turaly-suraqqa-zauap-berdi/