Түлектер аттестаттарын қоқыс жәшігіне тастаған: Оқу-ағарту министрлігі видеоға қатысты пікір білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русскомӘлеуметтік желіде түлектердің мектеп аттестаттарын қоқыс жәшігіне лақтырып жатқаны түсірілген видео тарады. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлаqды KAZ.NUR.KZ.
Instagram әлеуметтік желісіндегі Krisp_almaty паблигінде қазақстандық түлектердің елдің елтаңбасы бейнеленген мектеп аттестаттарын лақтырып жатқан видеосы жарияланды.
Бұған қатысты әлеуметтік желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінген: біреулер жастардың қылығын айыптаса, енді бірі олардың әрекетін ақтаған.
"Үздіктер болса, бұлай жасамас еді. Бұлар лақтырып, хайп жасап, қайтадан алып жатыр", "Өйткені, біздің біліміміз бағаланбайды", - деп жазды пікір қалдырушылар.
"Мұндай видеодан кейін біз жүйеміз, жастарымыздың адамгершілігі туралы ойлануымыз керек", "Оларды да, олардың ата-аналарын да мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін қатаң жазалауымыз керек", - дейді енді бір желі қолданушылары.
Осы жайтқа қатысты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір бұл видеоға түскен түлектердің жеке басын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
"Білім беру басқармаларына оқушылар мен мектеп түлектеріне, ата-аналар қауымына осындай фактілердің алдын алу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар берілді", - деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2025963-tulekter-attestattaryn-qoqys-zasigine-tastagan-oqu-agartu-ministrligi-videoga-qatysty-pikir-bildirdi/