jitsu gif

Түлектер аттестаттарын қоқыс жәшігіне тастаған: Оқу-ағарту министрлігі видеоға қатысты пікір білдірді

Қоқыс жәшігіне тасталған аттестаттар
Қоқыс жәшігіне тасталған аттестаттар. Фото: instagram.com/krisp_almaty

Әлеуметтік желіде түлектердің мектеп аттестаттарын қоқыс жәшігіне лақтырып жатқаны түсірілген видео тарады. Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі видеоға қатысты пікір білдірді, деп хабарлаqды KAZ.NUR.KZ.

Instagram әлеуметтік желісіндегі Krisp_almaty паблигінде қазақстандық түлектердің елдің елтаңбасы бейнеленген мектеп аттестаттарын лақтырып жатқан видеосы жарияланды.

Бұған қатысты әлеуметтік желі қолданушылардың пікірі екіге бөлінген: біреулер жастардың қылығын айыптаса, енді бірі олардың әрекетін ақтаған.

"Үздіктер болса, бұлай жасамас еді. Бұлар лақтырып, хайп жасап, қайтадан алып жатыр", "Өйткені, біздің біліміміз бағаланбайды", - деп жазды пікір қалдырушылар.

"Мұндай видеодан кейін біз жүйеміз, жастарымыздың адамгершілігі туралы ойлануымыз керек", "Оларды да, олардың ата-аналарын да мемлекеттік рәміздерді қорлағаны үшін қатаң жазалауымыз керек", - дейді енді бір желі қолданушылары.

Осы жайтқа қатысты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазір бұл видеоға түскен түлектердің жеке басын анықтау жұмыстары жүріп жатыр.

"Білім беру басқармаларына оқушылар мен мектеп түлектеріне, ата-аналар қауымына осындай фактілердің алдын алу үшін түсіндіру жұмыстарын жүргізу бойынша ұсыныстар берілді", - деді Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз хатшысы Мереке Нұрмұханова.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.