Маңғыстау облысында жарылыс дауысы естілді: жағдайды әскерилер түсіндірді
Жарияланған күні:
Маңғыстау облысындағы Құрық ауылының маңында жарылыс дауысы естіліп, кейін түтіні аспанға көтерілген. Бұл жағдайға қатысты Ақтау әскери гарнизоны пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Куәгердің басылымға хабарлауынша, кеше, 22 маусымда ол Құрық ауылының маңынан өтіп бара жатқанда тарс еткен дауысты естіген. Айтуынша, тарсылдан көлігі қозғалып, түтін аспанға көтерілген.
Бұған байланысты Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің жетекшісі басылымға пікір білдірген. Оның сөзінше, қазіргі таңда (19-30 маусым аралығында) "Оймаш" оқу полигонында қоймаларда әрі қарай сақтауға қауіпті оқ-дәрілерді жою бойынша жоспарлы іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
"Осыған байланысты Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданының тұрғындарына утилизация кезінде тарсылдаған дыбыстар естілетінін ескертеміз. Бірақ бұл жергілікті тұрғындарға қауіп төндірмейді. Барлық қажетті қауіпсіздік шаралары қабылданды", - дейді ол.
Еске салайық, 2021 жылдың тамыз айында Жамбыл облысының орталығы – Тараз қаласының маңындағы оқ-дәрі қоймасында ірі жарылыс болып, өртке ұласқан болатын. Оқиға салдарынан 100-ден астам адам жарақат алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026052-mangystau-oblysynda-zarylys-dauysy-estildi-zagdaidy-askeriler-tusindirdi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.