jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Әуедегі ұшақ. Көрнекі сурет
Әуедегі ұшақ. Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстанда 1 ақпан Қазақстан Республикасының азаматтық авиация күні мерекесі деп бекітілуі мүмкін. Тиісті жобаның қаулысы "Ашық НҚА" ресми сайтында жарияланды.

"Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы" үкімет қаулысының жобасына сәйкес, 1 ақпанды Қазақстанның Азаматтық авиация күні деп бекіту ұсынылған.

Бұл бастаманы азаматтық авиация кәсіпорындарының бірлескен соғыс және еңбек ардагерлер Кеңесі көтерген.

Қоғамдық талқылауға арналған құжат жобасы "Ашық НҚА" порталында 23 маусымда жарияланды, талқылау биылғы жылдың 11 шілдесінде аяқталады.

Бұл қаулының мақсаты – Қазақстандағы азаматтық авиация қызметкерлерінің ресми мерекесін бекіту. Жобаны іске асыру үшін қаржылық шығындар талап етілмейтіні атап өтілді.

Қазақстанда жаңа мереке пайда болуы мүмкін

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.