jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Африкалық мигранттар Қонаевтағы құрылыс орындарының бірінде жұмыс істеген

    Полиция қызметкері мен африкалық
    Полиция қызметкері мен африкалық. Кадрдан үзінді: t.me/POLICE_of_KZ

    Африкадан келген заңсыз мигранттар Қонаев қаласындағы құрылыстардың бірінде еңбек еткені анықталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігінің Telegram-дағы ресми жаңалықтар арнасында хабарлады.

    Ведомствоның хабарлауынша, 21 маусым күні Қонаев қаласындағы мектептердің бірінде "Мигрант" жедел алдын алу шарасын өткізу барысында ғимаратты жөндеу бойынша заңсыз жұмыс істеген 9 Нигерия және 2 Камерун елінің азаматы анықталған.

    "Елде болудың заңдылығын тексеру кезінде Африка елдерінен келген аталған шетелдіктердің Қазақстан Республикасының көші-қоны саласындағы заңнамасын бұза отырып, яғни болу құқығының мерзімі өткеніне (виза) қарамастан Қазақстан Республикасының аумағында болғаны анықталды. Жұмыс берушілерді анықтау және жауапкершілікке тарту жұмыстары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

    Африкалық мигранттар Қонаевтағы құрылыс орындарының бірінде жұмыс істеген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.