Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Балқашта 150 гектар қамыс өртеніп жатыр

Опубликовано:

Балқашта қамыс өртенуде
Өрт. Оқиға орнынан: t.me/qr_tjm

Іле-Балқаш қорығының аумағында 150 га аумақ жанып жатыр – қамыс өртенді, деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми Telegram-арнасы.

ТЖД және "Іле-Балқаш" МТР" РММ күштерімен қолмен жұмыс жасайтын шанц құралдары мен мотопомпаларды пайдалана отырып, жаяу тәртіппен солтүстік-батыс жағында 6-кварталда алдын ала болжам бойынша 150 га алаңда сөндіру жұмыстары жүргізілуде.

Сондай-ақ Бақанас орман шаруашылығы учаскелерінде өрттің таралуын болдырмау үшін Орман шаруашылығы күштерімен жырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ведомство елді мекендерге қауіп жоқ екенін айтқан.

Өрттің жалпы аумағы шамамен 6200 га, оның ішінде сөндірілгені – 6050 гектар.

Іле-Балқаш резерватының (кірме жолдар жоқ аралшықтар және қолжетімділігі төмен батпақты жерде) аумағында 150 га алаң жанып жатыр. (https://t.me/qr_tjm)

ТЖМ әлеуметтік желілерде таралған космомониторингтің суреттері бүгінгі күні өзектілігін жоғалтқанын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026287-balqasta-150-gektar-qamys-ortenip-zatyr/