Қазақстанның шығысында жаңа шекаралық аймақ пайда болады
Жарияланған күні:
Абай облысында жаңа аудан пайда болады – облыста бұрын тозығы жеткен Мақаншы ауылын қалпына келтіру жұмыстары басталып кетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.
Телеарнаның хабарлауынша, Мақаншы шекаралық елді мекені 90-жылдардың аяғында облыс орталығы мәртебесінен айырылған. Осыдан кейін ауыл бірте-бірте ыдырай бастаған. Енді ол қалпына келтірілмек.
"Шекара маңындағы аймақтардың тағдыры халықты толғандыратын мәселелердің біріне айналды. Осыған байланысты президент Абай облысына қарасты Мақаншы ауданын қалпына келтіру туралы шешім қабылдағанын мәлімдеді. Біз бұл бастама "Тыңдаушы мемлекет" тұжырымдамасы аясында жүзеге асырылып жатыр деп сеніммен айта аламыз", – деді аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаев.
Мәжілісте шекаралық аймақтардың маңызы зор екенін атап өтті.
"Біз шет елдермен олар арқылы шекараласамыз. Әрине, ұялы байланыстан бастап, жалпы мектептер мен ауруханаларға дейін толық инфрақұрылым болуы керек. Яғни, бұл жер бос болмай, халық қоныстануы керек", – деді мәжіліс депутаты Самат Нұртаза.
Аудан мәртебесін қайтару, депутаттардың пікірінше, шекаралас өңірдің экономикасын көтеруге және ауыл тұрғындарының көкейтесті мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Өңір қалпына келтірілсе, Абай облысында 8 емес, 9 аудан болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026292-qazaqstannyn-sygysynda-zana-sekaralyq-aimaq-paida-bolady/