Қазақстандықтар Құрбан айт пен Астана күні қалай демалады
Жарияланған күні:
Қазақстан халқын бірден екі мереке – Құрбан айт пен Елорда күні күтуде. Осы мерекелерге байланысты Қазақстан азаматтары қалай демалатыны туралы "Электрондық үкіметтің" ресми сайтында хабарланды.
2023 жылы Құрбан айттың бірінші күні 28 маусым – алдағы аптаның сәрсенбісіне сәйкес келеді. Қазақстан Республикасының мерекелер күнтізбесінде мұсылман күнтізбесі бойынша тойланатын Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні деп жазылған.
Ал кейін, 6 шілдеде Астана күні тойланады – биыл үкімет қазақстандықтар бірден 4 күн: 6-9 шілде аралығында демалады деп шешті.
2023 жылы жұмыс уақытын тиімді пайдалану мақсатында 1 шілде, сенбіден демалыс күні 7 шілде, жұмаға ауыстырылды. Сондықтан алдағы сенбі Қазақстанда жұмыс күні болмақ.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026297-qazaqstandyqtar-qurban-ait-pen-astana-kuni-qalai-demalady/