ТЖД Алматы қаласының тұрғындарына үндеу жасады
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты тұрғындар мен қала қонақтарына үндеу жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.
ТЖД "Қазгидромет" РМК-ның 25 маусымдағы дауылдық ескертуін негізге ала отырып, дүйсенбі, 26 маусымда мегаполисте күн күркіреп, найзағай ойнауы мүмкін еске салады. Сонымен қатар өрт шығу қаупі жоғары екенін ескертті.
Осы орайда ТЖД өкілдері тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, электр желісіне жүктеме түсірмеуге, сондай-ақ ашық жерде от жақпауға шақырып отыр. Мысалы, тауда от жағуға болмайды, шоғы сөнбеген темекі тұқылдарын тастамау керек.
"Алматы қаласының аумағында "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар" мәртебесіне ие Іле-Алатау ұлттық паркінің аймағына кіретін 20 805 га (орман – ред.) жер бар", - деп еске салды ТЖД өкілдері.
Сонымен қатар ТЖД ормандарда және ерекше қорғалатын табиғи парктер аумағында өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны үшін Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 367-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске салды. Мұндай заңбұзушылық үшін жеке тұлғалар 100 АЕК (345 мың теңге) көлемінде айыппұл төлеуі мүмкін.
Бұл ретте, заңсыз әрекеттердің салдарынан өзге де ауыр зардаптар туындаса, құқық бұзушыларды Қылмыстық кодекстің 204-бабы 2-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тарту көзделген.
ТЖД өкілдері төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 нөміріне хабарласу қажет екенін атап өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026329-tzd-almaty-qalasynyn-turgyndaryna-undeu-zasady/