Алматыда дүңгіршектері бар жазғы кафе сүрілді (фото)
Жарияланған күні:
Читать на русскомАлматыда сот шешімімен дүңгіршектері бар жазғы дәмхана сүрілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Төле би көшесінің солтүстігінде, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан сауда павильондары бар дәмханалар сот шешімімен сүрілген.
Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мәліметінше, дәмхана иесі жаяу жүргіншілерге арналған жолдың үстінде мемлекеттік қор меншігіндегі жерде заңсыз жазғы дәмхана мен дүңгіршектер салған. Бұрын бұл жер жалға беру шартымен аталған құрылыс нысандарының иесінің меншігінде болған.
Ведомство мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың заңсыз құрылыстарды бұзып, аумақты жалпы пайдалануына қайтару туралы шешім шығарғанын түсіндірді. Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.
Қалалық сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы бүгінде нысандарды бұза бастағанын және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы босатылғанын айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026526-almatyda-dungirsekteri-bar-zazgy-kafe-surildi-foto/