jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Рамазан Есмағамбетов
Рамазан Есмағамбетов
Бұрынғы қызметкер

Алматыда дүңгіршектері бар жазғы кафе сүрілді (фото)

Бұзылған құрылыс нысаны
Бұзылған құрылыс нысаны. Фото: Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Алматыда сот шешімімен дүңгіршектері бар жазғы дәмхана сүрілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ қалалық сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Төле би көшесінің солтүстігінде, Момышұлы көшесінің батысында орналасқан сауда павильондары бар дәмханалар сот шешімімен сүрілген.

Бұзылған құрылыс нысандары
Бұзылған құрылыс нысандары. Фото: Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасының мәліметінше, дәмхана иесі жаяу жүргіншілерге арналған жолдың үстінде мемлекеттік қор меншігіндегі жерде заңсыз жазғы дәмхана мен дүңгіршектер салған. Бұрын бұл жер жалға беру шартымен аталған құрылыс нысандарының иесінің меншігінде болған.

Бұзылған құрылыс нысаны
Бұзылған құрылыс нысаны. Фото: Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы

Ведомство мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың заңсыз құрылыстарды бұзып, аумақты жалпы пайдалануына қайтару туралы шешім шығарғанын түсіндірді. Апелляциялық сот бірінші сатыдағы соттың шешімін өзгеріссіз қалдырды.

Қалалық сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы бүгінде нысандарды бұза бастағанын және жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы босатылғанын айтты.

Алматыда дүңгіршектері бар жазғы кафе сүрілді (фото)

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.