Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандағы мемлекеттік білім беру гранттарының тізімі жарияланды

Жарияланған күні:

Студенттер
Студенттер. Көрнекі фото: Рixabay.com

2023-2024 оқу жылына арналған бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша білім беру гранттарының тізімі жарияланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ғылым және жоғары білім министрлігінің Facebook желісіндегі ресми аккаунтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомство мәліметінше, биыл жоғары оқу орындарында білім алу үшін барлығы 88 мың грант бөлінген. Оның ішінде 73 мыңға жуығы бакалавр үшін, 13 мыңнан астамы магистратураға түсуге және 1800-ден астамы болашақ PhD докторларына арналған гранттар.

Бұл ретте Ұлттық тестілеу орталығының ресми сайтында білім беру бағдарламаларының толық тізімі және олардың әрқайсысына бөлінетін гранттар саны жарияланған.

Сонымен, 2023-2024 оқу жылына жоғары білімі бар (бакалавриат) кадрларды даярлауға бөлінетін гранттардың саны белгілі болды.

Гранттардың басым бөлігі инженер, өңдеу өнеркәсібі және құрылыс салаларындағы мамандықтарға бөлінген. Бұл санатқа барлығы 18 744 грант бөлінген.

Келесі сұранысқа ие мамандықтардың санатында педагогикалық мамандықтар – 12 560 грант.

Сонымен қатар мемлекеттік тапсырыс бойынша ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының мамандары қажет. Оларға 10 103 грант бөлінген.

Сондай-ақ 2023-2024 оқу жылына магистранттар мен докторанттарды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысы да жарияланған.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша барлық гранттың 60 пайызы техникалық мамандықтарға бөлінді. Сонымен қатар биыл халық тығыз орналасқан, батыс және жаңадан құрылған өңірлердің жастарына гранттар бөлінді. Ұсынылған ақпаратқа сүйене отырып талапкерлер дұрыс таңдау жасайды деп сенемін", дейді Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026627-ulttyq-testileu-ortalygy-qazaqstandagy-bilim-granttarynyn-tizimin-zariyalady/