jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Ақмола облысында қола дәуірінде жерленген адамның сүйегі табылды

Ақмола облысынан табылған қола дәуіріндегі адам сүйектері
Қола дәуіріндегі адам сүйектері. Фото: azattyq-ruhy.kz

Ақмола облысында "Қазыналы қазба - ұлт құндылығы" жобасы аясында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстары кезінде Қола дәуірінде жерленген адамның сүйегі мен әшекей бұйымдары табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақмола облысы мәдениет басқармасының Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану орталығы мамандарының хабарлауынша, Қызылұйым ауылы маңындағы қорғанды қазу жұмыстары жүргізілген.

Жұмыс барысында оңтүстік сектордағы сұр дақты ашу кезінде 1,7х0.65 м тереңдікте адамның жерленгені анықталған.

Адам сүйегі оң жағымен, басы солтүстік-батысқа қарай қаратып, қол-аяғы бүгілген күйде жатқызылған.

"Нашар сақталған остеологиялық қалдықтар табылды, оның ішінде бас сүйектің бөліктері, білек сүйектері, аяқтың тірсек сүйектері, аздап жамбас сүйектері жарым-жартылай сақталған. Сүйек қалдықтарының мойын бөлігінде 20-дан астам пасталы моншақтары (алқа) табылды.

Жерлеу ерекшеліктеріне сүйене отырып, уақыт кезеңі қола дәуіріне жатады деп болжауға болады (б.з.д. алғашқы 1-2 мың жылдық).

Бұл нұсқаның толық расталуы қорғанды толық зерттеп, табылған жәдігерлерге тиісті талдау жүргізгеннен кейін белгілі болады", – деп түсіндірді орталық мамандары.

Ақмола облысында қола дәуірінде жерленген адамның сүйегі табылды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.