Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астананың 25 жылдығына орай шетелден әртістер шақырыла ма

Опубликовано:

"Бәйтерек" монументі
Астанадағы "Бәйтерек" монументі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Биыл Астананың 25 жылдығына орай шетелден әртістер шақырыла ма? Бұл сауалға елорданың ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов қалалық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте жауап берді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Дәурен Бабамұратовтың айтуынша, Астананың 25 жылдығына орай елордада 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланған. Олардың кейбірі өтіп те үлгерген.

Оның сөзінше, қала күніне орай ұйымдастырлатын барлық мәдени іс-шара тек отандық әртістердің қатысуымен өтеді. Шетелден әртістер шақыру жоспарда жоқ.

"Шетелден тартылған мәдени жобалар жоқтың қасы. Қала күнін тойлауға атсалысып жатқан әртістеріміз, әншілеріміз болсын, басқа да қатысушылар болсын басым бөлігі осы Қазақстан азаматтары", - дейді Дәурен Бабамұратов.

Сондай-ақ ол қаланың шет аймақтарындағы 16 тұрғын үй алабының орталық алаңқайларында халыққа арналған мерекелік шаралар ұйымдастырылатынын да атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2026843-astananyn-25-zyldygyna-orai-setelden-artister-saqyryla-ma/