jitsu gif

Бұршақ, жаңбыр, шаңды дауыл: жұмада ел аумағында ауа райы қандай болады

жаңбырлы күн
Жаңбырлы күн. Көрнекі фото: pixabay.com

Синопиктер жұма, 30 маусымда ел аумағында ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Қазгидромет" РМК-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Метеорологтардың мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігі әлі де атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болғандықтан, бүгін ел аумағында найзағай мен жаңбыр сақталады.

Тек оңтүстікте, солтүстік-батыста, республиканың орталығында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Сондай-ақ бүгін республиканың басым бөлігінде жел күшейіп, солтүстік пен шығыста түнде және таңертең тұман түсіп, солтүстік-шығыста, шығыста бұршақ жауып, оңтүстік-батыста күндіз шаңды дауыл тұруы мүмкін.

Бұдан бөлек, Түркістан, Маңғыстау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының батысында, шығысында, Қарағанды, Жетісу, Ұлытау облыстарының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында, оңтүстігінде, Жетісу облысының солтүстік-батысында, Қостанай облысының оңтүстігінде, өрт шығу қаупі сақталады.

Қызылорда облысының орталығында өрт шығу қаупі жоғары.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.