Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкенттік құтқарушылар апатқа ұшыраған жүк көлігінде қысылып қалған жүргізушіні шығарып алды

Опубликовано:

Жүк көлігі апатқа ұшыраған оқиға орны
Жүк көлігі апатқа ұшыраған оқиға орны. Фото: Шымкент қаласы ТЖД

Шымкентте 28 маусымда сағат 12:25-те "112 "қызметіне көлік жүргізушісінің көлікте қысылып қалғаны туралы хабарлама келіп түскен. Оқиға орнына құтқарушылар келіп көмектескен, деп хабарлайды қалалық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Абай ауданында Темірлан-Алматы тас жолының қиылысында "Алаш" базарының алдындағы жер асты жолы салынып жатқан жерде "КамАЗ" көлігі абайсызда бетонға соғылған.

Ведомствоның хабарлауынша, оқиға салдарынан 1989 жылы туған жүргізуші көлікте қысылып қалған.

"Ол арнайы құтқару құралдарымен шығарылған. Жәбірленуші есін жиғанымен, жағдайы ауыр. Ол жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырылды", - деді департамент өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027025-symkenttik-qutqarusylar-apatqa-usyragan-zuk-koliginde-qysylyp-qalgan-zurgizusini-sygaryp-aldy/