Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда көлік жүргізушісі жұмысшыны қылқындырған сәт видеоға түсіп қалды

Опубликовано:

Жол жөндеу жұмысшысын жыққан жас жігіт
Жол жөндеу жұмысшысын жыққан жас жігіт. Видеодан кадр: Instagram / @dorogi_almaty_official

Алматыда жас жігіт жол жөндеу жұмысшысын қылқындырып жатқан сәтінің видеосы желіде тарады. Істі полицейлер анықтап жатыр. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Видео Instagram желісіндегі dorogi_almaty_official парақшасында пайда болды.

Видеода қара футболка киген жігіт жерде жатқан ер адамды жерге жығып, қылқындырып жатқанын көруге болады. Қасынан өтіп бара жатқан куәгерлердің айғайынан кейін жас жігіт жұмысшыны босатты. Зардап шегуші орнынан тұрып, жолдың бір бөлігін жабатын қоршауды орнатпақ болған.

Ал наразы болған жүргізуші ұрысып, көлікке отырып, орнатылған қоршауды бұзып, оқиға орнынан кетіп қалған.

Әлеуметтік желідегі жазба авторларының айтуынша, оқиға Гагарин мен Есқараев көшелерінің қиылысында болған.

"Не деген бассыздық. Адамдар үлкендер мен басқалардың жұмысын құрметтеуді қойды"- делінген видеоның жазбасында.

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға назар аударды. Қазір Бостандық аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері видеодағы оқиғаның мән-жайын анықтауда.

"Зардап шеккен жұмысшы анықталды. Құқық бұзушының жеке басы анықталып жатыр. Оның әрекетіне құқықтық баға беріледі", - делінген ведомство хабарламасында.

Назар аударыңыз! Видеода бейәдеп сөздер бар!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027072-almatyda-kolik-zurgizusisi-zumyssyny-qylqyndyrgan-sat-videoga-tusip-qaldy/

pixel