Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Теміртауда зейнеткердің танысы оның банк картасынан 6 млн теңгеден астам ақша шешіп алған

Опубликовано:

Ақша және кісен
Ақша және кісен. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Теміртауда зейнеткерге көмектесіп жүрген танысы банк картасынан 6 миллион теңгеден астам ақша шешіп алған. Күдікті деп танылған 24 жастағы азаматқа қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды ІІМ жаңалықтары Telegram-дағы ресми арнасында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, полицияға 82 жастағы зейнеткер белгісіз біреу ақпараттық технологияның көмегімен банк қосымшасы арқылы есеп шотынан 6 млн 175 мың теңге шешіп алғандығы туралы хабарлаған. Ақшаны біреудің алғанын зейнеткер банктен есеп шотында ақша қалмағаны туралы хабарлама келгенде ғана білген.

"Криминалдық полиция қызметкерлері осы іске қатысы бар деген күдікпен 24 жастағы азаматты ұстады", - деді ІІМ өкілдері.

Полиция дерегінше, күдікті зейнеткердің танысы болып шықты. Ол жәбірленушіге үнемі көмектесіп, дүкенге барып азық-түлік алған уақытта зейнеткердің банк картасы арқылы төлемақы жасаған.

Сондай-ақ полиция жәбірленушінің есеп шотындағы ақшаны шешіп алу үшін басқа шотқа бірнеше рет ақша аударып, кейін оны шешіп алғандығын мойындағанын хабарлады.

ІІМ Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027100-temirtauda-zeinetkerdin-tanysy-onyn-bank-kartasynan-6-mln-tengeden-astam-aqsa-sesip-algan/

pixel