Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгіннен бастап жер мен жылжымайтын мүлік иелеріне жаңа құжат беріледі

Опубликовано:

Ноутбуктен жер сызбасын қарап отырған ер адам
Ноутбуктен жер сызбасын қарап отырған ер адам. Көрнекі фото: getty/stock photo

1 шілдеден бастап жер мен жылжымайтын мүлікті рәсімдеу кезінде жаңа құжат беріледі. Бұдан былай бірыңғай кадастрлық паспорт қолданылады. Бұл туралы "Хабар 24" арнасы хабарлады.

Телеарна мәліметінше, республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар 89 қаланың барлығында жер учаскелерінің цифрлық картасы дайын. Олар жария кадастрлық картада орналастырылған.

Рәсімдер "Бірыңғай мемлекеттік жылжымайтын мүлік кадастры" ақпараттық жүйесі аясында жүзеге асады. Енді мемлекеттік акті мен техникалық паспорт біріктіріліп, орнына бірыңғай кадастрлық паспорт қолданылады. Бұған дейін иелігінде үй, пәтер, жер телімі бар тұлғалар ешқандай қосымша құжат тапсырмайды.

"Бұған дейін кез-келген азамат немесе бизнес өзінің ісін бастағысы келіп жер учаскесін рәсімдейтін кезде ақпарат белгілі болған жоқ. Мынау жер бос па, бос емес па, бұл жерде не салуға болады? Бас жоспарға сәйкес қандай жоспарлар құрылған? Яғни ақпараттың бытыраңқы болуына байланысты азаматтар түрлі госоргандарға барып жүрген. Сондықтан біз қазір бір терезеде барлық жер ресурстарына сәйкес ақпаратты орталықтандырдық", - ЦДИАӨМ Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті төрағасының орынбасары Айнұр Юсупова.

Телеарна ақпаратынша, тек жылжымайтын мүлікті шілдеден бастап рәсімдегенде немесе қайта тіркегенде ғана жаңа құжат алады. Жер учаскелері жайлы ақпарат та қолжетімді бола түсіп, азаматтар egov.kz порталы арқылы бос жер телімдері жайлы толық мәлімет алып, аукционда сатып ала алады. Жеке тұрғын үй құрылысы үшін кезектегі тұрғындар да жер телімін жаңа цифрлық жүйе арқылы рәсімдейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027116-buginnen-bastap-zer-men-zylzymaityn-mulik-ielerine-zana-quzat-beriledi/

pixel