Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"10 күннен бері хабар жоқ": Көкшетауда жұмысқа кетіп, оралмаған жігіт іздестірілуде (фото)

Опубликовано:

Абай Тәшімов
Абай Тәшімов. Фото: Ақмола облысының ПД

Көкшетауда 21 маусым күні таңертең үйден жұмысқа шығып, сол бойы қайтып оралмаған 28 жастағы жігіт іздестірілуде. Полицияға оның әкесі арызданған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, 29 маусымда Көкшетау қалалық ПБ-ның кезекші бөліміне 61 жастағы жергілікті тұрғын жүгінген. Ол 28 жастағы ұлы Абай Тәшімовті іздеуге көмек көрсетуді сұраған.

Ер адамның айтуынша, ұлы 21 маусым күні таңғы сағат 07.30 шамасында үйінен жұмысқа шығып, қайта оралмаған. Ұялы телефоны өшірулі.

Сол күні тәртіп сақшылары өтінішті тіркеп, іздеу жұмыстарын бастаған.

Жоғалған жігіттің белгілері: бойы 170-175 см, көзі қара. Үстінде капюшоны бар қара түсті күрте, қою көк түсті джинсы шалбар, аяғында қара кроссовка болған.

Жедел-іздестіру шаралары барысында оның нөмірі соңғы рет Көкшетау қаласында Назарбаев даңғылы, 31 мекенжайында тіркелгені анықталған. Полицейлер бейнебақылау камераларын қараған.

Іздестіру шаралары жалғасуда. Полиция қызметкерлері із-түзсіз жоғалған Абай Тәшімовтің қайда екені жайлы ақпарат білетін жандар болса 102 нөміріне хабарласуын сұрайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027134-10-kunnen-beri-xabar-zoq-koksetauda-zumysqa-ketip-oralmagan-zigit-izdestirilude-foto/

pixel