Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Серік Күдебаевқа қатысты сот үкімі өзгеріссіз қалды

Опубликовано:

Серік Күдебаев
Серік Күдебаев. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың апелляциялық шағымы өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін Жетісу облыстық сотында Алматы облыстық полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаевтың апелляциялық шағымы қаралды.

Күдебаев биыл 28 сәуірде Қаңтар оқиғасы бойынша 10 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Ол Қылмыстық кодексің 362-бабы ("Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану") және 146-бабы ("Азаптау") бойынша кінәлі деп танылды.

Алайда Күдебаев үкіммен келіспей, 7 маусымда апелляциялық шағым түсірді.

Дегенмен бірінші инстанция сотының үкімі өзгеріссіз қалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027156-serik-kudebevtin-ukimi-ozgerissiz-qaldyryldy/

pixel