Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"19-ғасырда Парижде жасалған болуы мүмкін": қазақтан шыққан тұңғыш геологтың дүрбісі музейге тапсырылды

Опубликовано:

Оразмағамбет Тұрмағанбетұлы қолданған дүрбі
Оразмағамбет Тұрмағанбетұлы қолданған дүрбі. Видеодан кадр: "Хабар24"

Қазақтан шыққан тұңғыш геолог, ғалым Оразмағамбет Тұрмағанбетұлы қолданған дүрбі Ақтаудағы тарихи-өлкетану музейіне тапсырылды. Құнды жәдігер 19-ғасырда Парижде жасалған деген болжам бар, деп хабарлайды "Хабар24".

Телеарна хабарлауынша, Оразмағамбет Тұрмағанбетұлы 1882 жылы Маңғыстаудың Қызылсу деген жерінде дүниеге келген.

Ғалым Маңғыстау жерінде геологиялық зерттеу жұмыстарын жүргізген уақытта, көне дүрбісін жанынан тастамаған екен.

Кейін қудалауға ұшырап, шетелге кетер алдында, күйеу баласына аманат ретінде қалдырған.

"Бергіге дейін бұл дүрбі туралы ештеңе естіген жоқпыз. Қызының қолында сақталған екен. Өзеннің басындағы Оразмағамбет қорымы жігіттерінің жұмысымен барлық құжаты жиналған. Тек қана мұнымен шектелмей, әлі де де іздене береміз", - дейді өлкетанушы Отыншы Көшбайұлы.

Телеарна мәліметінше, Оразмағамбет Тұрмағанбетұлы репрессия жылдары ұсталып, 1939 жылы Түрікмен жерінде ату жазасына кесілген.

Алаш қозғалысының белді мүшесі болған, біртуар тұлғаның ұрпақтары бүгінде Иранда тұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027204-19-gasyrda-parizde-zasalgan-boluy-mumkin-qazaqtan-syqqan-tungys-geologtyn-durbisi-muzeige-tapsyryldy/

pixel