Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қайрат Боранбаевқа шыққан үкімнің күші жойылды

Жарияланған күні:

Қайрат Боранбаев
Қайрат Боранбаев. Фото: Оlympic.kz

Астанада қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Қайрат Боранбаев пен тағы екі айыпталушыға қатысты Ресей газын сатып алу кезінде жымқыру дерегі бойынша шыққан бірінші инстанция сотының үкімін жойды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ сот алқасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

"Астана қаласының Сарыарқа аудандық №2 сотының 2023 жылғы 31 мамырда Тайыр Жанұзаққа, Қайрат Боранбаевқа және Роман Нахановқа қатысты шыққан үкімінің күші жойылсын. Осы қылмыстық істі бірінші инстанциядағы соттың ережесі бойынша апелляциялық тәртіпте қару керек. Қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы өзгеріссіз қалсын", - делінген сот алқасының қаулысында.

Айта кетейік, Қайрат Боранбаев биыл 31 наурызда Қылмыстық кодекстің бірнеше бабы бойынша кінәлі деп танылып, 8 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Сонымен қатар "АзияГазЧунджаның" тең құрылтайшысы Роман Наханов пен Qazaq Gaz АҚ басқарма төрағасының бұрынғы орынбасары Тайыр Жанұзақ та 8 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027229-qairat-boranbaevqa-syqqan-ukimnin-kusi-zoiyldy/