Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батыс Қазақстан облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен баланың денесі ойпаттан табылды

Опубликовано:

Теріс қарап тұрған жасөспірім
Жасөспірім. Көрнекі сурет: pixabay.com

Батыс Қазақстан облысында жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен 14 жастағы жасөспірімнің денесі су басқан ойпаттан табылды. Қайғылы оқиғаның себептері анықталуда. Бұл туралы Бөрлі ауданының Төтенше жағдайлар басқармасына сілтеме жасаған "Мой город" хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, 30 маусым күні сағат 19:19-да Ақбұлақ ауылынан 500 метр қашықтықта жергілікті тұрғындар су басқан ойпаттан 2009 жылы туған баланың денесін тауып алған.

Жасөспірім белгісіз жағдайда жоғалып кеткен. Оның өлімінің себептері мен басқа да мән-жайлар анықталуда.

Бала жоғалып кеткен жағдайда не істеу керек

Egov.kz порталында құқық қорғау органдарының қызметкерлері адамның оралмағанына ұзақ уақып өтпесе де, хабар-ошарсыз әдеткі жеріне кетсе де іздестіруге берілген өтінішті қабылдап, тіркеуге міндетті екені атап өтілген.

Мұндай өтінішті беру үшін нақты уақыт бойы күтудің қажеті жоқ.

Егер іс кәмелетке толмаған балаларға қатысты болса, онда келесі ережелерді ұстану керек:

  • әрқашан баланың қайда баратынын, бірге еріп жүретін тұлға ретінде кім болатынын және қай уақытта ұлы немесе қызы үйге қайтып келуі тиіс екенін білу;
  • ата-аналар мен полициямен тез байланыс орнату үшін ұялы телефонда "жылдам теру" опциясына нөмірлерін орнату;
  • балаларды жиі суретке түсіп, жіберіп отыруын сұрау;
  • балалар үйден шыққанда киген киімін есте сақтау;
  • балаға оның аты-жөні мен мекен-жайын үйрету;
  • баламен жеке қауіпсіздік шараларын сақтау туралы үнемі түсіндірме әңгіме өткізу;
  • кәмелетке толмаған бала форс-мажор жағдайда көмек алу үшін кімге жүгіне алатынын айту;
  • мүмкіндігінше мобильді құрылғыда телефон иесінің орналасқан жерін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы қосымшаны орнату.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027279-batys-qazaqstan-oblysynda-zumbaq-zagdaida-zogalyp-ketken-balanyn-denesi-oipattan-tabyldy/

pixel