jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Әсел Дағжан
Әсел Дағжан
Бұрынғы қызметкер

Төлқұжат күші рейтингінде Қазақстан 53-ші орынға тұрақтады

Қазақстан паспорты
Қазақстан паспорты. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Төлқұжаттың беріктігі бойынша рейтингте Қазақстан 53-ші орынға тұрақтады – оған БҰҰ-ға мүше 193 мемлекет кірген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Рейтинг passportindex.org сайтында жарияланған. Нәтижеге сәйкес, қазақстандық төлқұжаты бар азаматтар 39 елге визасыз бара алады, тағы 52 елде визаны келген кезде ала алады, ал 107 елде қазақстандықтарға виза қажет болады.

Сондай-ақ 53-орында Қазақстан Республикасымен бірге шағын Науру мемлекеті тұр.

Әлемдегі ең мықты төлқұжат БАӘ азаматтарында. Олар 125 елге визасыз режимде барса, тағы 55 елге барған соң виза ала алады, тек 18 ел ғана виза талап етеді.

Ең әлсіз төлқұжат – Ауғанстанда. Бұл елдің азаматтары әлемнің 5 елінде ғана визасыз жүре алады.

ТМД елдерінің ішінде Қазақстан төлқұжаты Украина, Ресей, Молдова және Беларусь паспорттарынан төмен, бірақ Армения, Әзербайжан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстан паспорттарынан мықтырақ.

Сонымен қатар Finprom мәліметінше, биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанға 7,7 мың адам келген, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 87 пайызға артық. Оның ішінде Қазақстан қалаларына 5,5 мың адам келді, бұл өткен жылмен салыстырғанда бірден 2,2 есеге көп, ал ауылдарға 2,2 мың адам келген, ол бір жыл бұрынғыдан 33,3 пайызға көп.

Төлқұжат күші рейтингінде Қазақстан 53-ші орынға тұрақтады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.