jitsu gif

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болмақ

Кітап оқып отырған ер адам
Жаз мезгілі. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Синоптиктер алдағы үш күнде, яғни 4-6 шілде аралығында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады. Бұл туралы "Қазгидромет" РМК сайтында хабарлады.

Синоптиктердің болжауынша, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Атап айтқанда, жаңбыр жауады, найзағай ойнап, екпінді жел соғуы мүмкін.

6 шілдеде республиканың шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында қатты жаңбыр мен бұршақ жаууы мүмкін.

Еліміздің батысында ғана ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Сондай-ақ батыста күндіз ауа температурасы біртіндеп +33... +39 градусқа дейін жоғарылайды, ал республиканың қалған бөлігінде дәлірек айтсақ, солтүстік-батыста және орталықта ауа температурасы +25... +35 градусқа дейін, солтүстікте +25... +30 градусқа дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20... +30 градусқа дейін, оңтүстікте +25... +38 градусқа дейін сәл төмендеуі ықтимал.

Алдағы үш күнде елімізде ауа райы қандай болмақ

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.