Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жетісу облысындағы балабақша есепшісі 40 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

целлофандағы ақша
Целлофандағы ақша. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Жетісу облысы Ақсу ауданындағы балабақша есепшісі өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеп, 40 миллион теңгеге жуық бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы облыстық прокуратураның ресми сайтында хабарланды.

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, жымқыру фактісі штат кестесі мен банктік шоттарды салыстыру кезінде анықталған, яғни онда тиісті жалақы мен нақты төленген қаражат арасында айырмашылық болған.

Аталған факті бойынша прокуратура Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы ( "Аса ірі мөлшерде ұрлау" ) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастаған.

Істі Жетісу облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы тексеруде.

Прокуратура мамандары аталған баптың санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқаруға немесе белгілі бір қызметпен айналысуға тыйым сала отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастыратынын айтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027323-zetisu-oblysyndagy-balabaqsa-esepsisi-40-mln-tenge-zymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel