Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тоқаев танымал хирургпен Қазақстанда медициналық көмек көрсету сапасын арттыру шараларын талқылады

Опубликовано:

Юрий Пя Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында
Юрий Пя Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында. Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы University Medical Center корпоративтік қорының басқарма төрағасы Юрий Пяны қабылдады, деп хабарлайды Ақорда ресми сайтында.

Президенттің баспасөз қызметінің мәліметінше, Юрий Пя Қасым-Жомарт Тоқаевқа University Medical Center корпоративтік қоры қызметінің нәтижесі мен алдағы жоспары туралы баяндаған.

Сондай-ақ ол мемлекет басшысына мекеме негізінде алғашқы Интеграцияланған академиялық медициналық орталық құру арқылы UMC-ді трансформациялау барысы туралы мәлімет берген.

Юрий Пяның айтуынша, негізгі мақсат – білім беру, зерттеу ісін және клиникалық тәжірибені тоғыстыра отырып, медициналық қызмет сапасын жақсарту.

Сонымен қатар Юрий Пя президентке заман талабына сай дәрігерлерді даярлау үшін қордың жүзеге асырып жатқан шаралары туралы айтып, еліміздегі медициналық білім беру ісін жетілдіру перспективалары туралы көзқарасын жеткізген.

Бұдан бөлек, кездесу барысында отандық денсаулық сақтау жүйесінің түйткілді мәселелері, соның ішінде қолданыстағы инфрақұрылымды тиімді пайдалану және Қазақстанда медициналық көмек көрсету сапасын арттыру шаралары талқыланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027347-toqaev-tanymal-xirurgpen-qazaqstanda-medicinalyq-komek-korsetu-sapasyn-arttyru-saralaryn-talqylady/

pixel