Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен "ҚазАвтоЖол" қызметкерлері ұсталды

Опубликовано:

ҰҚК қызметкерлері күдіктінің бірін ұстау сәті
ҰҚК қызметкерлері күдіктінің бірін ұстау сәті. Фото: ҰҚК

"ҚазАвтоЖолдың" аймақтағы филиалының қызметкерлері аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтында хабарлады.

Ведомство мәліметінше, 2023 жылғы 29 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитеті Көлік прокуратурасымен бірігіп, "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ-ның Павлодардағы филиалының басшылығы мен қызметкерлерінің жемқорлық іс-әрекетінің жолын кескен.

"Іс фигуранттары аймақтағы кәсіпкерден аса ірі көлемде қаржы бопсалады деген күдікпен қамауға алынды", - делінген ресми хабарламада.

Арнайы операция барысы
Арнайы операция барысы. Фото: ҰҚК

ҰҚК бұл фактіге қатысты материалдар Қылмыстық кодекстің 366-бабы 3-бөлігі 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін атап өтті.

Сондай-ақ тергеу іс-шараларының жүргізілуіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейтінін, жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатқанын мәлім етті.

тәркіленген ақша
Тәркіленген ақша. Фото: ҰҚК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027379-kasipkerden-asa-iri-kolemde-qarzy-bopsalady-degen-kudikpen-qazavtozol-qyzmetkerleri-ustaldy/

pixel