Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау мұнай өңдеу зауытында апат болды: қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды

Опубликовано:

Атырау мұнай өңдеу зауыты
Атырау мұнай өңдеу зауыты. Видеодан кадр: t.me/kozachkow

Бүгін, 3 шілде күні Атыраудағы мұнай өңдеу зауытында апат орын алып, соның салдарынан қаланың бір бөлігі жарықсыз қалды. Бұл туралы Қазақстанның мұнай және газ кеңесінің Telegram-дағы ресми арнасы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Сыртқы желілер тарапынан электр энергиясының төмен түсуі орын алғандығы айтылған.

"Апат салдарынан ЭЛОУ-АТ-2 қондырғысынан басқа зауыттың технологиялық қондырғылары апатты жағдайда тоқтады. Шамамен сағат 18:47-де зауыттың электр қуаты толығымен өшірілді.

"KEGOC" АҚ электрмен жабдықтау желісінің авариялық ажыратылуына байланысты зауыт қосалқы станциясының жаңа бөлігінде апат орын алды. Осыған байланысты бастапқы қайта өңдеу қондырғысынан басқа барлық қондырғылар тоқтатылды. Технологиялық регламент пен апатты жою жоспарына сәйкес қондырғылардағы артық қысым алау қондырғыларына жіберілді", – делінген хабарламада.

Электр қуаты әлі қалпына келтірілген жоқ.

"Зауыттың техникалық бөлімі оның себептерін анықтау және зауыттың әрі қарай жұмыс істеуі үшін шаралар қабылдауда. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ", – деп қорытындылады кеңесте.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027391-atyrau-munai-ondeu-zauytynda-apat-boldy-qalanyn-bir-boligi-zaryqsyz-qaldy/

pixel