Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мұрат Әбділдә мерзімінен бұрын бостандыққа шығуы мүмкін

Опубликовано:

Мұрат Әбділдә
Мұрат Әбділдә. Фото: Ernur.kz.

Әлеуметтік желі арқылы көпшілікке танылған Мұрат Әбділдә былтыр 4,5 жылға бас бостандығынан айырылған болатын. Жазасын өтеп жатқан блогер сұхбат беріп, өзінің жасаған заңбұзушылығы үшін өкінетінін айтты, деп хабарлайды Оtyrar.kz сайтына сілтеме берген KAZ.NUR.KZ.

Басылымның мәліметінше, Мұрат Әбділдә әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, таптық араздықты қоздырғаны үшін Шымкенттегі 167/3 колониясында жазасын өтеп жатыр. Темір торда жатқан блогер бүгінге дейін елуге тарта ән жазған.

"Бостандыққа ештеңе жетпейді. Мен енді балағат сөз айтпаймын. Өзімнің кінәмді түсіндім, мен шынымен кінәлі екенімді түсіндім. Мені шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы сот шешімін күтіп отырмын. Сот пен прокурорлар мүмкіндік береді деп сенемін. Анама барғым келеді", – деді Мұрат Әбділда.

Айта кетейік, Мұрат Әбділдә бұған дейін де дәл осы баппен 2020 жылы шартты түрде 3,5 жылға сотталған болатын. Кейін тиктокер желіде ер адамға тіл тигізгені үшін тағы да ұсталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027470-anama-bargym-keledi-symkentte-zazasyn-otep-zatqan-murat-abdilda-okinisin-zetkizdi/

pixel