Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда ҚазҰУ ректоры Түймебаевтың ұлын өлтірді деп айыпталған әскери қызметкер сотталды

Опубликовано:

Қаңтар оқиғасы кезіндегі Алматы
Қаңтар оқиғасы. Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Бүгін Алматы гарнизонының Әскери сотында ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың ұлының өліміне кінәлі деп танылған әскери қызметкерге қатысты үкім шықты, деп хабарлайды сот органының ресми сайты.

Алматы гарнизонының әскери сотында қару қолдану арқылы билікті және қызметтік өкілеттілігін асыра пайдалану бойынша (ҚК 451-бабының 2-бөлігімен 1-тармағымен) айыпталған айыпталушы М-ға қатысты қылмыстық іс қаралды. Аталған бап бойынша айыпталушының жасаған әрекеттері үшін 5 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Соттың анықтауымен 2022 жылғы 6 қаңтарда айыпталушы М. Алматы қаласындағы төтенше жағдай кезіндегі жаппай тәртіпсіздікке байланысты Республика алаңында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тартылған 18404 әскери бөлімі бөлімшесінің құрамында болған.

"Билік өкілі бола отырып, билік өкілеттігін айқын асыра пайдаланып, қандай да бір қатер мен қару қолдануға негіз болмауына қарамастан бағдаршамның алдындағы қиылыста тұрған "Lexus 570" маркалы бейбіт азаматтық автокөлікке автоматтан бірнеше оқ атып, нәтижесінде аталған автокөліктің жүргізушісі қаза тапқан", – делінген соттың хабарламасында.

Күдіктінің жасаған әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жататыны айтылған. Жаза тағайындау кезінде сот айыпталушының жас балаларының барын қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныған.

"Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін ескере отырып, ауыпталушыға 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", – делінген хабарламада.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027546-almatyda-qazuu-rektory-tuimebaevtyn-ulyn-oltirdi-dep-aiyptalgan-askeri-qyzmetker-sottaldy/

pixel