Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда коммуналдық қызметкерлер адам сүйегін тауып алды

Опубликовано:

адам сүйегі табылған жер
Адамның бас сүйегін табылған жер. Фото: t.me/POLICE_of_KZ

Қостанайда коммуналдық қызметкерлер адамның бас сүйегін тауып алған. Қазіргі кезде полиция қызметкерлер марқұмның жеке басын анықтауда. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-дағы Polisia.kz ресми жаңалықтар арнасы хабарлады.

Құзырлы органның мәліметінше, 4 шілде сағат 14:30-да полицияға "ҚЖЭК" МКК қызметкерлері Мәуленов-Досжанов көшесінің қиылысындағы учаскеде адамның сүйегін тауып алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

Коммуналдық қызметкерлер бұл учаскеде құбырларды ауыстыру бойынша жерасты жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан.

Полицияның ақпаратынша, қазіргі таңда қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ тиісті сараптамалар тағайындалған, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027564-qostanaida-kommunaldyq-qyzmetkerler-adam-suiegin-tauyp-aldy-foto/

pixel