Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Енді елімізде жаңа туған нәрестеге ЖСН бірден беріледі

Опубликовано:

Нәрестенің қолы
Нәресте. Көрнекі фото: pixabay.com

Ішкі стер министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жаңа туған балаларға ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірін) беру бойынша пилоттық жобаны іске қосты. Бұл туралы ведомствоның Polisia.kz ақпараттық медиа порталы хабарлайды.

ІІМ мәліметінше, бұрын балаға ЖСН ата-анасы туу туралы куәлік алуға өтініш білдіргеннен кейін ғана берілетін. Сол себепті біраз бала ата-аналары мұндай куәлікті алғанға дейін есепке алынбайтын.

Сондай-ақ бұрынғы жүйеге сәйкес АХАТ органы алдымен баланың тегін, атын, әкесінің атын көрсетіп, ата-анасының өтініші негізінде туу туралы актілік жазбаны тіркейтін. Сосын ішкі істер органдары балаға ЖСН жасап, кейін ата-анасына туу туралы куәлік берілетін.

"Енді АХАТ бөлімі туу туралы медициналық куәлікті алғаннан кейін автоматты түрде баланың туу туралы актілік жазбасын жасайды, оның негізінде баланың ЖСН-ы қалыптасады. Бұл арқылы баланың ата-анасының жеке өтінішінсіз, проактивті форматта (көрсетілетін қызметті берушінің ұсынысы бойынша) бірқатар мемлекеттік қызмет автоматты түрде көрсетіледі", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

ІІМ ақпаратынша, автоматты түрде көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге:

  • Бала тууға байланысты және бала күтімі бойынша жәрдемақы алу;
  • Жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлемді тағайындау және төлеу;
  • Бала 1,5 жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем жатады.

"Сонымен қатар жүйе анасына баланың тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) туралы мәліметтерді беру туралы SMS-хабарлама жібереді (3 жұмыс күні ішінде жауап беру керек). Деректер алынғаннан кейін туу туралы куәлік әзірленеді.

Осылайша, туу туралы куәлік берілгенге дейін балаға ЖСН беру мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде дүниеге келген балаларды толыққанды есепке алуға ғана емес, сонымен қатар ата-аналарға баланың тууына байланысты мемлекеттік қызметтер көрсетуге мүмкіндік береді", - деп қосты ІІМ өкілдері.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027566-elimizde-endi-zana-tugan-narestege-zsn-birden-beriledi/

pixel