Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бүгін Қазақстанның үш қаласында да найзағай ойнап, жел күшейеді

Опубликовано:

Жел
Жел. Көрнекі фото: Рexels.com

Сәрсенбі, 5 шілде күні Қазақстанның үш мегаполисінде де найзағай күтіледі, екі қалада дауылдық ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК ресми сайтында.

Синоптиктердің хабарлауынша, бүгін күндіз Алматыда найзағай ойнайды. Бұл ретте термометрлер күндіз 27-29 градусты, түнде 18-20 градус жылыны көрсетеді. Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метр, бірақ найзағай кезінде екпіні 13-18 м/с дейін жетуі мүмкін.

Астанада да найзағай ойнап, жел күшейеді. Елордада күндіз 29-31 градус ыстық күтілсе, түнде ауа температурасы 16-18 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с болады.

Синоптиктер шымкенттіктерге де ауа райының қолайсыз болатынын айтып отыр - мұнда да найзағай ойнап, жел 8-13 м/с күшейеді деп күтілуде. Үшінші мегаполисте ауа температурасы күндіз 32-34 градусқа дейін көтерілсе, түнде 20-22 градусқа дейін төмендейді.

Сонымен бірге, Мемлекеттік метеорологиялық қызмет сайтындағы мәліметтерге сәйкес, найзағай мен өрт қаупінің жоғары деңгейіне байланысты Астана мен Алматыда дауылдық ескерту жарияланды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027590-bugin-qazaqstannyn-us-qalasynda-da-naizagai-oinap-zel-kuseiedi/

pixel