Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақтөбе орталығындағы төбелес кезінде ер адамды пышақтап кеткен

Опубликовано:

пышақ
Пышақ. Көрнекі фото: Рixabay.com

Ақтөбеде тәртіп сақшылары кафе маңындағы төбелес туралы шақыруға шығып, сол жерде пышақ жарақатымен жатқан ер адамды тапты. Кейін ол ауруханаға жатқызу кезінде қайтыс болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ "Диапазон" басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауынша, 3 шілдеде таңертең ерте полицияға Әбілқайыр хан даңғылындағы №89 үйдің жанындағы төбелес туралы хабарлама келіп түскен.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері Хромтаудан келген 29 жастағы ер адамның пышақ жарақатымен жатқанын анықтады. Кейін жәбірленуші ауруханаға жатқызу кезінде қайтыс болды.

"Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Патрульдік полиция қызметкерлері қылмыс жасады деген күдікпен 37 жастағы ер адамды ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деп хабарлады полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/2027598-aqtobe-ortalygyndagy-tobeles-kezinde-er-adamdy-pysaqtap-ketken/

pixel